Чистопол ауылдық округіндегі құс тұмауының алдын алу іс-шараларына аудандық мәслихат хатшысының қатысуы

Ауданның мемлекеттік органдары басшыларының құс тұмауының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін бекітуіне сәйкес аудандық мәслихаттың хатшысы Е.Е. Әділбеков 2020 жылғы 21 қыркүйекте Чистопол ауылдық округіне барды.

Чистопол ауылдық округінің әкімі Қ.Қ. Амантаевтың қатысуымен Чистопол, Ялты, Гаршино, Симоновка ауылдарының активімен және тұрғындарымен кездесулер өткізілді.

Чистопол ауылында кездесу Чистопол КПБ учаскелік инспекторы А.Н. Котельник, ветстанцияның ветеринарлық фельдшері М.А. Имьяновтың, Чистопол ОМ, дәрігерлік амбулатория, Мәдениет үйі, № 20 өрт сөндіру бекеті, ардагерлер кеңесі, «Атамекен-Агро-Целинный» ЖШС өкілдерінің қатысуымен өтті.

Ялты ауылында Ялты ОМ, «AKSUTRANSLOGISTIC» ЖШС өкілдерімен, Гаршино ауылында — Гаршин орта мектебі, «СП Гаршино» ЖШС, медпункт, кітапхана өкілдерімен, Симоновка а. — «Шыңғыс» ШҚ басшысы М.Н. Кабиковпен және ШҚ жұмысшыларымен өтті.

Осы кездесулерде Е.Е. Әділбеков «Абайлаңыз! Құс тұмауы!», жаднаманың жекелеген тармақтары бойынша түсініктеме беріп, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Қатысушыларға естілген ақпаратты еңбек ұжымдарының, туыстарының, достарының, көршілерінің назарына жеткізуді ұсынды. Ауладағы үй құстары бар ауылдардың барлық тұрғындарын құстарды тәулік бойы жайылымсыз ұстауға, құстарды ашық су қоймаларына жібермей суаруға шақырды. Ауыл тұрғындарының жаднамада көрсетілген талаптарды сақтауымен ғана өз ауылында құс тұмауы ауруының өршуіне жол бермеуге болады.

Содан кейін ауылдық округ әкімімен бірге үй құстарын суару орындарына, ауыл көшелеріне барып, ауыл тұрғындарымен — үй құстарының иелерімен әңгіме жүргізілді.

21.09.2020
Қаралым саны: 144
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚ Antikor egovПремьер Послание президента РКОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет