Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының ресми сайтында сіздерді қарсы алуға қуаныштымыз!
Мәслихат аппаратының ресми сайты сіздерге біздің мекеме жайлы жедел, аңық, объективті мәлімет алуға мүмкіндігін қамтамасыз ететіндігіне сенімдімін, Сіздерге жаңа дос қызықты іскер әріптестерді табуға көмектеседі
Біздің сайтқа қош келдіңіздер!
«Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының аппараты» КММ қоғамның назарына, мәслихат аппаратының қызметкерлерi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерiнiң Әдеп кодексын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзуы туралы деректердi 22-457 сенiм телефонына хабарлауды ұсынады. Аудандық мәслихат Веб-сайтының мекен жайы maslihat-gm.sko.kz, электрондық адресі musrep-maslihat@sko.kz.
«Жергiлiктi өкiлдi орган (мәслихат) — облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркiн бiлдiретiн және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оны iске асыру үшiн қажеттi шараларды белгiлейтiн және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган».
«Мәслихат сессиясы — мәслихат қызметiнiң негiзгi нысаны» («Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңының 1 бабы 8 т., 9т.).
«Мәслихат депутаты — жалпы мемлекеттiк мүдделердi ескере отырып, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстегi халықтың еркiн бiлдiредi» (Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңының 20 бабы 1 т.).
Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан мәслихатының алтыншы шақырылымы 2016 жылғы 20 наурызда 14 депутат құрамында сайланды.